top of page

ОРТАЛЫҚ АЗИЯДА.

ИДЕЯДАН НӘТИЖЕГЕ ДЕЙІН

Бір жергілікті команда.
Бүкіл өңірде.

Орталық Азия мен Кавказдағы көрмелер, іскерлік шаралар, сауда миссиялары мен B2B-бағдарламалар. Жоспарлаудан бастап өткізуге дейін бәрін бір команда атқарады.

2007

ЖЫЛДАН БЕРІ САЛАДАМЫЗ

2018

ҚҰРЫЛҒАН ЖЫЛЫ

Алматы

БАС КЕҢСЕ

ҚАТЕЛЕСУГЕ БОЛМАЙТЫН ЖОБА МА?

Жаңа нарыққа шығу онсыз да оңай емес. Алаң, мердігер, рұқсат құжаттары, персонал мен логистика әр қолда жүрсе, нәтижеге ешкім жауап бермейді. Біз осының бәрін бір жергілікті команда ретінде мойнымызға аламыз, ал сіз мақсатыңыз бен қонақтарыңызға көңіл бөлесіз. Мақсатты сіз қоясыз, нәтижені біз береміз.

БІР ЖЕРГІЛІКТІ СЕРІКТЕС. БАРЛЫҚ ЖҰМЫС БІР ҚОЛДА.

КӨРМЕЛЕР МЕН ІСКЕРЛІК ШАРАЛАР

Идея мен алаң таңдаудан бастап техникалық дайындық, жарнама, тіркеу және көрме күніне дейін. Бәрін бір команда жүргізеді.

НАРЫҚҚА ШЫҒУ ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЖҰМЫС

Серіктес пен жеткізуші іздеу, кездесулер ұйымдастыру, нарық туралы нақты ақпарат. Жергілікті үйлестіруді өзіміз атқарамыз.

ПАВИЛЬОНДАР ЖӘНЕ КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУ

Ұлттық павильондар мен экспоненттерге арналған бағдарламалар: құрылыс, персонал, көрме күндеріндегі қолдау.

САУДА МИССИЯЛАРЫ ЖӘНЕ B2B-КЕЗДЕСУЛЕР

Нарықты зерделеу, сатып алушыларды тарту және нақты келісімге жол ашатын іріктелген кездесулер.

СТЕНД САЛУ

Дизайн-бриф, мердігер таңдау, стендті салу және алаңдағы бақылау.

Сондай-ақ өз B2B-алаңдарымызды дамытамыз: PowerTech, Renewable Energy, Energy Save және Central Asia Decarbonisation Conference.

SERVICES

Стенд салу

Стендіңізді толық дайындап береміз.

Eventindustries енді көрме стендтерін де салады. Бриф пен дизайннан бастап мердігер таңдау, құрылыс, алаңмен келісу және стендті тапсырғанға дейінгі бақылауды өз мойнымызға аламыз. Бір серіктес, бір байланыс тұлғасы. Ал сіздің командаңыз келушілерге толық көңіл бөледі.

НАРЫҚТЫ БІЛЕМІЗ. НӘТИЖЕГЕ ЖАУАП БЕРЕМІЗ.

1 / Нарықты білеміз

2007 жылдан бері Қазақстан, Өзбекстан, Орталық Азия мен Кавказда іс-шаралар өткізіп келеміз.

2 / Жауапкершілік бізде

Бірнеше мердігердің орнына бір жауапты команда. Жұмыс көлемі, бюджет, мерзім мен есеп айқын.

3 / Тәжірибе өзімізде

Көрмелер, конференциялар мен B2B-алаңдарды өзіміз құрып, өткіземіз. Сондықтан бұл істің қыр-сырын жақсы білеміз.

СІЗГЕ ОҢАЙ. БӘРІ БАҚЫЛАУДА.

01 / Бриф

Мақсатыңызды, аудиторияңызды және күтетін нәтижеңізді айтасыз.

02 / Жоспар

Оны нақты жұмыс жоспарына, мердігерлер тізіміне, мерзім мен бюджетке айналдырамыз.

03 / Орындау

Барлық жұмысты үйлестіреміз, кім неге жауапты екені әрқашан анық.

04 / Нәтиже

Соңғы қонақ кеткенше алаңнан кетпейміз.

ӨҢІРДЕГІ ӨЗ КОМАНДАҢЫЗ.

Әр жоба үшін жергілікті кеңсе ашудың қажеті жоқ. Eventindustries Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения және бүкіл Орталық Азияда сіздің жергілікті командаңыз болады: алаң, жеткізушілер, логистика және жердегі жұмыс бір байланыс тұлғасы арқылы шешіледі.

ТӘЖІРИБЕГЕ СҮЙЕНЕМІЗ.

Eventindustries 2018 жылы Алматыда құрылды. Компания негізін қалаушы 2007 жылдан бері көрме және іскерлік іс-шаралар саласында жұмыс істеп келеді. Бүгінде өз B2B-көрмелерімізді өткіземіз, сондай-ақ халықаралық компаниялар, ұйымдастырушылар мен ұлттық павильондарға Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Армения және өңірдің басқа елдерінде жобаларын жүзеге асыруға көмектесеміз.

ABOUT

БІЗДІҢ
СЕРІКТЕСТЕР

1200px-Қазақстанның_Ұлттық_Елтаңбасы_өңделді

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

1200px-Қазақстанның_Ұлттық_Елтаңбасы_өңделді

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

ҚХР Сауда министрлігі жанындағы Сыртқы сауданы дамыту бюросы

CLIENTS

УӘДЕ ЕМЕС, НАҚТЫ ІС.

Жүзеге асқан нақты жобалар. China Commodities Fair Kazakhstan: экспоненттерді, сатып алушылар мен мемлекеттік институттарды бір алаңға жинайтын Қазақстан-Қытай сауда көрмесі. PowerTech: өзіміз құрып, өткізіп жүрген энергетикалық B2B-көрме. Клиенттік жобалар: халықаралық компаниялар, ұйымдастырушылар мен агенттіктерге арналған техникалық дайындық және алаңдағы жұмыс.

WORKS
CONTACT

ЖОБАҢЫЗБЕН БӨЛІСІҢІЗ.

© 2026 Eventindustries. Жергілікті тәжірибе. Халықаралық деңгей.

bottom of page